Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды тоқтатты

0
585

Банкке бүгінде 15 млрд теңге бөлінген.


Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды тоқтатты

ERNUR.KZ. Еуразиялық банк директорының орынбасары Берік Сабыржановтың жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, банкке бүгінде 15 млрд теңге бөлінген.

"Бүгінде бөлінген қаржы игерілді. Сол себепті өтінімдерді уақытша қабылдамаймыз. Бірақ, келесі айда екінші транш бөлінген кезде қайтадан қабылдауды бастаймыз. Біздің банкке жалпы 35 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның 15 млрд теңгесі осы апта ішінде клиенттерге несие ретінде беріледі. Яғни, 15 млрд теңгенің өтінімі мақұлданып отыр. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдамаймыз", - деді ол жеңілдікпен автонесиелеудің алғашқы қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында.

Берік Сабыржановтың сөзінше, маусым айының басынан бастап Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінімдер қабылдай бастайды.