Еуропаға барсаңыз, сақ болыңыз – ҚР СІМ

0
964

Туристік аймақтарда қылмыстың өскені туралы мәлімдеме жариялады.


Еуропаға барсаңыз, сақ болыңыз – ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Барселонада қылмыстың өршіп кетуіне байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеп, Каталонияның орталығында ұрлық пен тонау жиілеп кеткеніне Қазақстандықтардың назар аударуларын сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

«Бірнеше күн бұрын Каталония полициясы Барселонаның туристік аймақтарында қылмыстың өскені туралы мәлімдеме жариялады. Полиция мәліметінше, тек Барселона көшелерінде биыл 5 331 тонау әрекеттері жасалған. Барселонадағы Қазақстан консулдығы мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында зардап шеккен азаматтардың саны екі есеге артты. Тек шілде айының өзінде Қазақстанға қайтып оралуға 24 төлқұжат тапсырылды»,– деді Айбек Смадияров.

«Төлқұжаттарын ұрлатқан адамдар шенген визасыз саяхаттарын жалғастыра алмауда. Сондай-ақ, көптеген адамдар ақшасыз, жеке заттарынсыз, басқа да материалдық құнды бұйымдарынсыз қалып жатыр. Осыған байланысты Барселонада құжаттарыңыз бен заттарыңызға сақ болуларыңызды сұраймыз. Елден ұшып кетер алдында құжат ұрланғанын, немесе ұрланған құжатты қалпына келтірілгенін растайтын хаттама алуды және ұрлық орын алған жағдайда жақын маңдағы полиция учаскесіне жүгінуге кеңес береміз»,– деді ресми өкіл.