EXPO-2017 аумағында жаңа нысандар ашылады

0
1 215

Қазіргі таңда ЭКСПО кешенінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған 4 ірі жоба дамып жатыр.


EXPO-2017 аумағында жаңа нысандар ашылады

ERNUR.KZ. ЭКСПО-2017 көрмесіне орай салынған нысандар ел экономикасының қажеттілігіне әбден дағдыланған. Бұл туралы хабарлаған «Время» газетінің жазуынша, «Астана-ЭКСПО-2017» компаниясының менеджменті көрмеден кейінгі кешенді тағы бір рет жаңартылған күйінде көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда ЭКСПО кешенінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған 4 ірі жоба дамып жатыр. Оның бірі, АХҚО Еуразиялық кеңістіктегі қаржы қызметтерін ұсынатын ілгерлі орталыққа, сондай-ақ Қазақстан, Еуропа мен Азия нарықтарын біріктіретін қаржы хабына айналып келеді.

Жақында АХҚО ғимаратында танымал әлемдік компаниялардың атаулары жазылады. 14 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Әлем» Сферасында қаржы орталығының биржасы Astana International Exchange-де алғашқы сауда-саттыққа бастама берген болатын. Астана ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының ресурсы бұл жобалармен тоқтамайды. Жақында көрме аумағында жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді алатын халықаралық сапа стандартындағы EXPO Business Centre ашылады.

Сонымен қатар, 2019 жылы ЭКСПО аумағында ірі халықаралық және ұлттық көрмелерді, конгрестік шаралар мен басқа да маңызды шараларды ұйымдастыруға болатын Қазақстандағы ең ірі көрме орталықтарының бірі ашылады. Орталық көпфункционалды бизнес-аренаға айналады деген жоспар бар. Орталықтың жалпы аумағы - 20 мың шаршы метр, бұның ішінде жан-жақты павильондар мен залдар бар.

ЭКСПО аумағындағы Конгресс-орталық та тиімді жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты дәл осы Конгресс-орталықта өткен болатын. Конгресс-орталықтағы жылжымалы залдарға 4500 адам сыяды, залдар кез келген дизайнерлік идеялардың орындалуына ыңғайлы.

Ал, «Нұр Әлем» Сферасы - көрме кешенінің орталық нысаны ғана емес, ЭКСПО-ның басты мақтанышы. Бұл - әлемде баламасы жоқ диаметрі 80 метрлік шар іспетті бірегей нысан. Сегіз қабаттан тұратын нысан Қазақстан мен әлемнің түпкір-түпкірінен келіп жатқан қонақтарды әлі таңғалдырып тұр.