Фармацевтика саласының өнімділігі 47% ұлғайды

0
2 535

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.


Фармацевтика саласының өнімділігі 47% ұлғайды

ERNUR.KZ. Өңдеу өнеркәсібі саласында оң нәтиже тіркелді. Үкімет отырысында 2020 жылдың экономикалық қорытындысын жариялағанда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді, деп жазады inbusiness.kz.

«Жекелеген өңдеу салаларында өткен жылмен салыстырғанда өсу жеделдеді. Тамақ өндірісі 4%-ға дейін, қағаз өндірісі – 16,4, фармацевтика – 47, жеңіл өнеркәсіп – 15%-ға дейін өнімділігін өсірді. Машина жасау – 16,3%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 52,5%-ға артты. Былғары өнімінің өндірісі – 2,3%-ға ағаш бұйымдары – 43,2%-ға ұлғайды», – деді Руслан Дәленов.