Агробизнес өкілдері саланың дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселені айтты.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздің салалық қауымдастықтары мен ұйымдарының басшыларымен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Мал өсірушілер, құс өсірушілер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілер мен өндірушілер, сондай-ақ экспорттаушылар ведомство басшысына өзекті сұрақтар қойып, агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
"Биылғы жыл қиын болды. Климат елдің оңтүстігінде де, солтүстігінде де айтарлықтай өзгерді. Мұның бәрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің артуы, сондай-ақ фермерлер қауымдастығының жаңа, резонанстық сұраныстары аясында болды Біз мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын іздейміз. Министрлік ұсыныстар үшін ашық", - деді Айдарбек Сапаров фермерлерге.
Агробизнес өкілдері саланың дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселені айтты.