Фермерлер Ресей астығын Қазақстандікі деп Иран мен Ауғанстанға сатқан

0
437

Келген залал 6 миллиард теңгеден асқан.


Фермерлер Ресей астығын Қазақстандікі деп Иран мен Ауғанстанға сатқан

ERNUR.KZ. Павлодар облысында заңсыз астық импорты бойынша 12 қылмыстық іс тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабында айқын көрсетілген.

Келген залал 6 миллиард теңгеден асқан. Оның 300 миллион теңгесі тергеу процесі кезінде өтелді.

— Көршілес мемлекеттерде, атап айтқанда, Ресейде өндірілген астықты үлкен көлемде елге әкеліп, жалған шот-фактура жасау арқылы Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық өнім ретінде экспортқа шығарып жатқандар анықталды. Олар өнімді көбіне Ауғанстан, Иран, Тәжікстан сияқты мемлекеттерге жібереді. Бұл біздің отандық экономикамызға, өңіріміздің шаруа қожалықтарына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Өзіміздің өнімдеріміз шетелге шықпай қалады немесе сатылған күнде де бағасы төмендеп кетеді. Сондықтан да мұндай заңсыз іс-әрекеттер біздің ұлттық экономикамызға үлкен залал келтіреді, — дейді Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерік Есенов.

Өңірдегі жүйелі проблемалардың бірі — заңсыз астық импорты. Бұл ретте шаруа қожалықтарына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелген.