​Фитнес клубының бапкері ізім-қайым жоғалды

0
1 244

Тәртіп сақшылары тұрғындарды алдап кеткен фитнес кубының бапкеріне іздеу салды.


​Фитнес клубының бапкері ізім-қайым жоғалды

фото tripadvisor.ru

ERNUR.KZ.Қостанайлық тәртіп сақшылары тұрғындарды алдап кеткен фитнес кубының бапкеріне іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім етілгендей, Қостанай қаласының 5 тұрғыны полицияға ақша ұрлығы туралы арыз жазған.

«Спарта» фитнес клубының 23 жастағы бапкері адамдарды алдап соққан. Фитнес-бапкердің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 5,8 млн теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Белгілі болғандай, ол кейбір келушілерден несие алып берулерін сұраған. Соның есесіне бір жылдық клуб абонементін алып беруге уәде етеді. Содан кейін ізім-қайым жоғалған. Телефон қоңырауларына жауап бермеген. Қостанайлық тәртіп сақшылары күдіктіге іздеу салды.