Нығматулин құзыретті министрлік өкілдерін жинап, Парламент қабырғасында мәселені шешуді тапсырды.
ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин депутаттың сұрағына нақты жауап бере алмай тұрған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа шүйлікті, деп жазады baq.kz.
Мәжіліс депутаты Самат Сағынов еліміздегі дамыту институттарының жұмысына қатысты сұрақ қойды.
Министр Атамқұлов бұл сұраққа жауап беріп жатқанда Нығматулин оны бөліп жіберді.
"Кім немен айналысып жатқанын айтып керек емес. Дамыту институттарының санын қысқарту бойынша пікіріңіз қандай? Нақты сіздің ұстанымыңыз қандай? Министр емессіз бе?, - деді ол.Атамқұлов дамыту институттарын қысқартуды қолдайтынын айтты.
Нығматулиннің көңілі бұл жауапқа да толмады.
"Өзіңіздің ұстанымыңызды нақты айта аласыз ба? Өнеркәсіппен қандай министрлік айналысады? Оларды дамыту инститтутарының саны қанша? 4 министрлік жауап береді. Барлығы осы жерден шығып отыр. Осы жерде БАҚ-та, блогерлер қоятын сұрақтардан жалтарасыздар. Футбол ойнайсыңдар. 4 министрлікке қатысты дамыту институттары болса, бұл сұрақтан барлығы жалтарады. Мен жауап бермеймін, ол да жауап бермейді. Солай қалады", - деді Нығматулин.Мәжіліс спикері бұл дамыту институттарының болашақта сақталуына күмән келтірді.
Нығматулин құзыретті министрлік өкілдерін жинап, Парламент қабырғасында бұл мәселені шешуді тапсырды.
"Оны онтайландыру қажет болады. Министрдің көзқарасы болуы керек. Оны әріптестерімен талқылап, ақылдасу керек. Бұл жұмысты дұрыс атқару керек. Бейбіт Бәкірұлы, Ресей институттарының мәселесін зерттеңіз. Олар баяғыдан «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Әртүрлі министрлік пен орган болса, да қызмет бір жерден көрсетіледі", - деді Нығматулин.