Дулат Исабековтің повесін Астана әкімдігі Жасөспірім көрермендер музыкалық театрының әртістері сахналады.
ERNUR.KZ. Астананың Мәскеудегі Мәдениет күндері аясындағы іс-шаралардың екінші күні "Гауһартас" спектаклі көрсетілді, деп хабарлады деп жазады sputnik.kz.
Режиссер Асхат Маемиров "автор өз туындысын 1967 жылы Мәскеу қаласының түбінде әскер қатарында қызмет етіп жүргенде жазған" деген қызықты деректі бөлісті. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті, бірақ бір қазақ отбасындағы өзара қарым-қатынастар туралы сюжет өзектілігін жойған жоқ.
"Гауһартас" Қазақстанда зор табыспен әрі аншлагпен өтіп жатыр. Мәскеудегі көрсетілім де солай болды. Көрермендер қойылымды жылы ықыласпен қабылдап, әртістердің шеберлігін өте жан тебірентерлік, әрі шынайы деп атады. Орыс тілді аудитория сюжетті аудармасыз түсінді, өйткені кейіпкерлердің образдары мен мінез-құлқы ұлтына қарамастан танымал болды.
Осымен Астананың Мәскеудегі Мәдениет күндерінің театр бөлімі аяқталды. Алдымызда – Люблинск саябағында "Астана – менің махаббатым" фотокөрмесінің ашылуы мен Мәскеу Халықаралық Музыка үйінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт.