Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, анасы үш жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде қосулы болған газ плитаның үстінде шәйнек тұрған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алып, анасы үйге кіре алмай қалған.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.
Тәртіп сақшылары Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіру туралы шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан.
Полицейлер үйге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.