Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі жеңілдетілді

0
750

Ведомстводағылар атап өткендей, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ құжаттарды беру тегін жүзеге асырылады.


Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі жеңілдетілді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар үшін газға қосылу кезінде бірінші құжатты алу тәртібі жеңілдетілді. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық шарттар тегін және онлайн режимінде беріледі, деп жазады sputnik.kz.

"Техникалық шарттарды алуға өтінімді онлайн режимінде – "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ сайтындағы тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ компанияның өңірлердегі өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша беруге болады", - деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігіндегілер өтініш өңделгеннен кейін дайын техникалық шартты SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеден жүктеп алуға болатынын түсіндірді.

Ведомстводағылар атап өткендей, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ құжаттарды беру тегін жүзеге асырылады.
"Техникалық шарттарды бергені үшін ақы талап етсе, сондай-ақ компания қызметкерлерінің заңсыз және сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерінің басқа да фактілері анықталса хабарлауды сұраймыз. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 телефоны немесе +7 777 121 26 26 нөміріндегі мессенджерлер арқылы жазып, қоңырау шалуға болады. Қазақстан аумағынан қоңырау шалу тегін", - деді министрліктегілер.