Генерал Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін - ҰҚК Шекара қызметінің басшысы

0
459

Бүгінде қазақстандық шекарашылар құқық қорғау органдарындағы әріптестерімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадан өтуге болатын жерді іздестіріп жатыр.


Генерал Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін - ҰҚК Шекара қызметінің басшысы

ERNUR.KZ. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал Серік Күдебаевтың Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Мәжіліс кулуарында ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, Күдебаев Қырғызстан шекарасынан ресми бекеттер арқылы өтпеген. Бүгінде қазақстандық шекарашылар құқық қорғау органдарындағы әріптестерімен бірлесіп, мемлекеттік шекарадан өтуге болатын жерді іздестіріп жатыр. Бұл ретте Алдажұманов қашқын генералдың Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін екенін айтты.

"Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1257 шақырым болады. Алматы бағытында Алатау жотасы бар. Менің ойымша, бұл бағытта ниет болып, техникалық күзет құралдары болмаса, егер іздесе, мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік бар шығар. Мұны анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Шекара қызметінің басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болған еді.