Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов қайтыс болды

0
1 274

Ақпаратты "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі растады.


Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов қайтыс болды

ERNUR.KZ. Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов 85 жасында өмірден өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратты "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі растады.

"Біз көп жыл бойы араласып, дос болдық. Біздің қарым-қатынасымыз 2001 жылы "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігін құрарда Рүстем Есімханұлы Қайдаровты қолдаған кезден бастап жақындай түсті.
Алмасбек Сейітұлы төралқаның құрылтайшылары мен алғашқы мүшелерінің қатарында болды. 2020 жылдан бастап генералдар кеңесінің құрметті мүшесі", - деді отставкадағы генерал-майор, "Генералдар кеңесі" РҚБ президиумының мүшесі Тұрсын Айжұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол Генералдар кеңесінің көптеген маңызды істері мен жоспарлары Алмасбек Әбдірахмановтың қатысуымен жүзеге асқанын атап өтті.

Алмасбек Әбдірахманов 1939 жылы Алматыда дүниеге келген. Мектепті ойдағыдай бітіріп, Рязань әскери автомобиль училищесіне оқуға түсіп, 1960 жылы оқуды үздік бітірген. Содан кейін ол стратегиялық зымыран әскерлеріндегі қызметін аяқтап, Ленинград логистика және көлік академиясына оқуға түсті. 1968 жылы Логистика және көлік әскери академиясын үздік бітірді.

Әр жылдары Алматы Әуезов ауданының әскери комиссары, Оралда әскери комиссары қызметтерін атқарған. 1989 жылы полковник Алмасбек Әбдірахмановқа генерал-майор атағы берілді.