Ғабидолла Әбдірахымов: Қазақстан туризм жөнінен ТОП-50 елдің қатарына кіреді

0
787

Биыл Lonely Planet (АҚШ), Le Figaro (Франция), The Guardian (Ұлыбритания) сияқты беделді әлемдік басылымдар Қазақстан туристер үшін баруға болатын орын деп жариялаған.


Ғабидолла Әбдірахымов: Қазақстан туризм жөнінен ТОП-50 елдің қатарына кіреді

фото:inbusiness.kz.

Соңғы жылдары Қазақстан әртүрлі халықаралық рейтингтерде демалуға әсіресе экотуризм бойынша қолайлы орын ретінде таныла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов instagram парақшасында жазды.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Lonely Planet (АҚШ), Le Figaro (Франция), The Guardian (Ұлыбритания) сияқты беделді әлемдік басылымдар Қазақстан туристер үшін баруға болатын орын деп жариялаған.

«Мәселен, былтыр Британдық бэкпекер қоғамы белсенді экологиялық саяхатты ұнататындар үшін 2020 жылы бару тізімінің ТОП-5-інде Қазақстанды анықтады, РИА мәліметі бойынша Қайыңды көлі әлемдегі ең әдемі таулы көлдер тізіміне енгізілді, ал беделді басылым болып табылатын Gulf News-тің ақпаратына сәйкес Үлкен Алматы көлі БАӘ тұрғындары үшін ТОП-5 бағытына кірді», - деп жазды вице-министр.

Британдық Brand Finance консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, 2020 жылы коронавирусқа және бүкіл әлемдегі экономиканың тоқырауына байланысты барлық проблемаларға қарамастан, Қазақстан 2019 жылы өз позициясын сақтап қалған. Үздік 100 ел арасында 44-орынға ие болды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жоғары.

«Алайда, туризмнің даму сапасын бағалаудың ең маңызды рейтингі - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексі. Осы рейтингтің 2019 жылғы соңғы редакциясында нәтижені 1 позицияға жақсарта отырып, Қазақстан 140 елдің ішінде 80-ші орынды иеленді. Сонымен бірге, 2019-2025 жылдарға арналған салалық Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстанның бұл рейтингтегі позициясын жақсартып, алдағы уақыт ішінде ТОП-50 елдің қатарына кіреді деп күтілуде», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Еске салайық, күні кеше Қазақстанның туристерге арналған елдер тізімінде соңынан санағанда үшінші орынды иеленгені туралы жазған болатынбыз.