Ғалам аруы-2024: басына «Бәйтерек» киіп шыққан қазақ аруы сынға қалды (ВИДЕО)

0
218

​Оның киім үлгісін қырғыз дизайнері жасап берген.


Ғалам аруы-2024: басына «Бәйтерек» киіп шыққан қазақ аруы сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Getty Images / Hector Vivas

ERNUR.KZ. «Ғалам аруы-2024» байқауында Қазақстанның намысын Мәдина Әлмұханова есімді ару қорғаған. Ол ұлттық дефиле кезінде басына «Бәйтерек» монументінің үлгісін киіп шыққан. Өзге елдің арулары да түрлі тәж киіп шықса да, Мадинаның бұл «образы» сынға ұшырады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Missqazaqstan.official хабарлағандай, Мәдина бұл киім үлгісі арқылы еліміздің өсуін, бірлігі мен болашақта өркендеуін айқындайтын «Бәйтерекке» айрықша құрмет көрсеткенін айтқан. Көйлек байлықты, жомарттықты және әділдікті бейнелейтін ашық қызғылт сары түстермен тігілген. Бәйтерек монументінің шыңына ұқсайтын алтын шар түріндегі тәжі Мәдинаның киім үлгісіндегі ең басты элементі болған.

Дөңгелектің айналасында 101 темір бар, олардың әрқайсысы Қазақстанның көпұлтты қоғамын құрайтын 101 ұлтты бейнелейді, алуан түрлі бірлік идеясын бейнелейді. Жалпы, Мадинаның киім үлгісін қырғыз дизайнері Арзубек Аманов тігіп берген.

Ал, көпшілік Мәдинаның басындағы «Бәйтерек» қиялдың жоқтығынан туындаған образ деп сынға алған.

«Жыл сайын байқауда түрлі «образ» ұсынылады. Бізде ою-өрнектен басқа ештеңе жоқ па? Үстіне кигені кілем сияқты. Мектеп оқкшыларының байқауына қатысып жатқандай көрінді», - деп жазды желідегі халық.