Гоада қазақстандық туристерге тегін виза беру ұсынылды

0
2 503

Гоа - Үндістандағы ең танымал курорттардың бірі.


Гоада қазақстандық туристерге тегін виза беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Үндістанда Гоа штатының туризм қауымдастығы (TAG) қазақстандық туристерге тегін виза беруді ұсынды. Олар үндеуін штаттың бас министрі Прамод Савантқа жіберді, деп жазады tengrinews.kz.

Туризм мен маркетингті ілгерілетуге арналған бюджет аясында халықаралық туристерді, оның ішінде қазақстандықтарды тарту үшін саяхатшыларды 2021 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңге визалық алымдардан босату ұсынылды.

"Бұл туристер арасында танымал көрші елдердің бәсекелестігін жеңуге көмектеседі", - делінген Гоа бас туристік ұйымының хабарламасында.

"Біз қауіпсіз деп саналатын елдерден Гоаға чартерлік рейстерді жаңартуды ұсынамыз. Түрлі сауда ұйымы Ресеймен, Ұлыбритания, Польша, Украина, Финляндия, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерімен "туристік көпіршіктерді" құрастыруды ұсынады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Үндеуде аталған тағы бір тармақ шетелдік әуекомпанияларға арналған жеңілдіктерге қатысты болды.

"Шетелдік әуетасымалдаушылар мен чартерлік рейстердің операторларын 2021 жылғы 1 наурыздан бастап бір жылға әуежайға қону алымдарынан босату қажет", - деп хабарлайды TTAG.

Гоа - Үндістандағы ең танымал курорттардың бірі. Ең алдымен, туристерді әртүрлі жағажай қызықтырады: құмы ақ жағалаулардан бастап Араб теңізінің түрлі-түсті жағалауларына дейін.