Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлейді - жалған ақпарат

0
650

Жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшаның атынан таратылып жатқанына назар аудару керек.


Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлейді - жалған ақпарат

Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңге төлеуге міндетті деген жалған ақпарат тарады. Жарнама - алаяқтардың ісі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл алаяқтардың әрекеті. Абай болыңыздар және көрсетілген сілтеме бойынша өтпеңіз. Банк өнімдері, қызметтері және жүргізіліп жатқан акциялар туралы барлық ақпарат Halykbank.kz сайтында жарияланады", - деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметі.

Сондай-ақ, жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшаның атынан таратылып жатқанына назар аудару керек.

Бұл АҚШ-тың Мичиган штатының Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдерді уәде ететін жарнамаға нақты тапсырыс болғаны туралы ақпарат жоқ.