"Иегово куәгерлері" өкілдері жасөспірімдермен интим қатынаста болды деген күдікке ілінді

0
922

Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған.


ERNUR.KZ. Алматы полицейлері "Иегово куәгерлері" ұйымының өкілдері жасөспірімдермен интим қатынаста болды деген күдікке ілінген, деп жазады tengrinews.kz.

Департамент хабарламасында 9 қазанда полиция соттың келісімімен ұйымның ғимаратында тергеу шараларын жүргізгені айтылады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның ұйым қатысушыларының үйлерінде болған.

Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу күдіктілердің 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасау дерегін тексереді. Күдіктелер туралы мәлімет тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбаған.