ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді

0
754

Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді.


ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді

Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram-арналарында да оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылған.