Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі ұлғайды

0
235

Газ өндіру деңгейі "Өзенмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компанияларында артты.


Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі ұлғайды

фото: Пресс-служба акимата Алматы

ERNUR.KZ. 2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға ұлғайды, деп жазады sputnik.kz.
"2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 7 202 млн м³ жетті (2023 жылы 7 008 млн м³ өндірілді)", - деп жазылған хабарламада.
Көрсеткіштің өсуіне ресурстарды тиімді басқару және компанияның технологиялық процестерінің дамуы оң әсер етті.
Газ өндіру деңгейі "Өзенмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компанияларында артты. Өсімге негізінен өткен жылдың соңында Рожков кен орнының игеріле бастауы, сонымен бірге Шығыс Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі ықпал етті.