Индер ауданында тасқын қатері төніп тұрған екі ауылда 33 жүкті әйел бар

0
460

Индер ауданында эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.


Индер ауданында тасқын қатері төніп тұрған екі ауылда 33 жүкті әйел бар

ERNUR.KZ. Атырау облысының Индер ауданында 258 жүкті ана есепте тұр. Оның ішінде су басу қаупі басым екі ауылда 33 жүкті ана бар, деп жазады inform.kz.

Индер аудандық орталық аурухананың директоры Анаргүл Доспаеваның дерегіне сүйенсек, босанатын күні жақындаған бір ана Атырау қаласына жіберілген.

«Индер ауданы бойынша 258 жүкті ана есепке алынған. Әсіресе, Жарсуат, Құрылыс ауылдарында 33 жүкті ана бар. Мамыр айында Жарсуаттағы — 9, Құрылыс ауылында тұратын 4 жүкті ана босануы мүмкін. Қазір жүкті аналарды ерекше бақылауға алып отырмыз. Тасқын қауіпі төнген жағдайда босанатын күні жақындаған аналар орталық ауруханаға эвакуацияланады. Бұдан бөлек, үй жағдайында ем алып, төсек тартып жатқан науқастар шұғыл эвакуацияланып, аудандық орталық аурухана мамандарының күтіміне алынады», — деді Индер аудандық ауруханасының директоры Анаргүл Доспаева.

Оның айтуынша, Индер ауданында эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.