Индонезиялық "Dears-тің" бірі қазақы нақыштағы киімдер тікті

0
669

Димаштың индонезиялық жанкүйері Қазақстанның бірегей мәдениетінен шабыт алғанын жасырмады.


Индонезиялық

ERNUR.KZ. Кики есімді бойжеткен Dimash Indonesian Dears фан-клубының мүшесі, деп жазады Экспресс К.

Кики ұзақ уақыттан бері косплей (ред.кино, видео ойын, аниме, мультфильмдегі кейіпкерлердің образдарын қайталау) жасаумен айналысады. Ол видео ойын, кино, әдебиет пен комикс, аниме және мангедағы сүйікті кейіпкерлерінің костюмдерін өзі жасайды.

dimashnews.com


Бірде бойжеткенге қазақы нақыштағы костюм тігу туралы ой келеді.

"Димаш өз елінің мәдениетіне асқан сүйіспеншілікпен қарайды. Қазақ елі мәдениетінің көркемдігі соншалық, қазақы нақыштағы киім киіп, ұлттық музыкалық аспапта ойнап көргім келді", дейді Кики.

Жанкүйер қыз Қазақстанның әсемдігі өзінің де, әлемдегі барлық "Dears-тің" де жүрегін жаулап алғанын айтады.

dimashnews.com


Костюмді жасау үшін Кики Чан барын салған. Ол жан-жақты ізденіп, матасын таңдап ойындағы дүниені жасап шығарды. Суреттерден Қазақстанның байрағы бейнеленген жамылғыдағы қазақ қызын көруге болады. Сондай-ақ, ол өз туындысына Қазақстанның ызғарлы климатын бейнелейтін ақ ұлпа мен ұлттық ою-өрнектерді қосқан.

"Ту мен оюды айда моншақпен кестеледім. Қазір дайын жамылғыны асқан құрметпен киемін. Себебі, ту — мемлекеттің символы. Мен осылайша Индонезия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты мақтанышпен көрсете аламын. Бұл костюмді жасап шығарғаным үшін қуаныштымын", — деді Кики.