Instagram қолдан көбейтілген жалған аккаунттармен күресе бастады

0
1 359

​Instagram бөтен қосымшалар көмегімен қосылған барлық компонентті өшіреді.​


Instagram қолдан көбейтілген жалған аккаунттармен күресе бастады

ERNUR.KZ. Instagram әлеуметтік желісінің әкімшілігі адам саны қолдан көбейтілген аккаунттармен күреспек. Сәйкес хабарлама компанияның сайтында жарияланды, деп жазады тoday.kz.

Instagram бөтен қосымшалар көмегімен қосылған барлық компонентті өшіреді.

"Бүгіннен бастап өтірік лайктарды, жазылымдарды, танымалдық үшін қолданылған аккаунттар пікірлерін өшіреміз", – делінген хабарламада.

Бұндай қосымшаларды қолдану да қауіпті екені айтылды. Олар қолданушының деректерін иеленуге рұқсат алады екен.