Интернет-казиноларға тыйым салынды

0
1 746

Кінәлі 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 44 компьютерлік техника мен 800 мың. теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.


Интернет-казиноларға тыйым салынды

Орал қаласы прокуратурасы сот арқылы 6 интернет-казиноға тыйым салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының аумағында заңмен электрондық казино және интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, аталған сайттар нақты уақыт режимінде құмар ойындарын өткізген. Мысалы, vulkanroyal.net сайтында казино, автомат, слот, рулетка, покер және басқа да құмар ойындардың 30-дан астам түрін ойнауға және Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro, ATF24, Касса24 ақша төлемдерінің сервистары арқылы ұтысты алуға болады.

Сондықтан, Орал қаласы прокурорымен сотқа vulkanroyal.net сайтын заңсыз деп тану туралы талап арыз беріліп, ол 2019 жылғы 12 ақпанда қанағаттандырылды.

26 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен сайт жабылды. Дәл осылай басқа да интернет-казинолардың жұмысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, өткен жылы прокуратура мен мемлекеттік кірістер органдарының бірлескен жұмысының арқасында Орал және Ақсай қалаларында заңсыз ұйымдастырылған 9 ойын залдары жабылды.

Кінәлі 5 тұлға Қылмыстық кодексінің 307-бабымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 44 компьютерлік техника мен 800 мың. теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Дереккөз: Батыс Қазақстан Облысының Прокуратурасы