Мамандар 320 мыңдай тұрғын үй мен саяжайдың жартысын аралап, есеп учаскелерін бөлуге кірісті.
Қостанай облысында Ұлттық халық санағына интернетсіз отырған ауылдар офлайн режимде қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Qazqstan.kz. теларнасына сілтеме жасап.
Аймақта байланыс жиырмадан астам шекаралық және шалғай елді мекенде жоқ. Қазір науқанның дайындық кезеңі аяқталуға жақын. Мамандар 320 мыңдай тұрғын үй мен саяжайдың жартысын аралап, есеп учаскелерін бөлуге кірісті. Естеріңізге сала кетсек, бірінші қыркүйектен басталатын халық санағы онлайн форматта өтеді. Яғни, тұрғындар sanaq.gov.kz сайтындағы 87 сұраққа жауап беру тиіс. Ал қашықтан өтуден қаламаған немесе интернеті жоқ үйлерді планшетпен аралап есепке алады.
"Кейбір елді мекендерде интернет әлсіз болуы мүмкін. Сол кезде тағы бір опция қарастырылған. Ол оффлайн дейді. Біз сол оффлайн режимімен жұмыс істейміз де, күні бойы үй шаруашылықтарын аралап, кешкі уақытта жұмыс біткесін жергілікті әкімшілікке келіп, солардың компьютерімен қорғалған жүйе бар сол арқылы орталық серверге өзіміздің мәліметтерімізді жүктейміз", - деп айтты облыстық Статистика департаментінің басшысы Айбек Ғалымжанов.