"Инвестмент-18" қаржы пирамидасының ісі: сот үкімі қайта қаралды

0
473

Апелляциялық инстанция үкімімен түзетілді. Сот актілері заңды күшіне енді.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанның апелляциялық соты "Инвестмент-18" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты, деп жазады Tengrinews.kz.

2022 жылдың 26 сәуірінде А. және Т-ға қаржы пирамидасын құрғаны үшін 7 жыл мерзімге қаражат жинауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

А. мен Т. қаржы пирамидасын құрып, WhatsApp чаттары арқылы 35-тен аса жәбірленушінің қаражатын тартып, оларға аса ірі көлемде материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"Апелляциялық сот шешімі бойынша, бірінші сатыдағы соттың Қылмыстық кодекстің 55-бабын дұрыс қолданбауына байланысты ("Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау") кінәлі адамның жазасы 6 жыл 8 айға дейін ұзартылды. Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігінің нормаларын ескере отырып (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде) кінәліге тағайындалатын жаза санкцияда көзделгеннен төмен болмауы керек еді", - делінген хабарламада.
Апелляциялық инстанция үкімімен түзетілді. Сот актілері заңды күшіне енді.