Ірі мұнай компанияларына 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

0
817

Министрліктің дерегінше, Атырау экологиясының ластануына күкіртті сутектің жоғары деңгейде ауаға таралуы себеп болған.


Ірі мұнай компанияларына 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атыраудағы ірі мұнай-газ компанияларына экологияға зиянын тигізгені үшін 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Атырауда өткен қоғамдық тыңдауда белгілі болды, деп хабарлайды Astana арнасы.

Өткен жылы 1 жарым миллиард салдық. Оның ішінде ТШО бар, НСОС бар, оның бәрі ауаның ластануына байланысты. Газ факелін жағу бар. Соны заңсыз деп тапқандарымыз болды. Су тазарту қондырғыларында консентрация көптеу тапқандарымыз болды. Соған байланысты шрафтар салдық. Ущербтар болды. Компаниялардың бәрін қосқанда 2 миллиардтың үстінде болып тұр, - дейді ҚР Экология, геология табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов.

Министрліктің дерегінше, Атырау экологиясының ластануына күкіртті сутектің жоғары деңгейде ауаға таралуы себеп болған. Мониторингтік топ мамандары биыл табиғат 717 рет жоғары деңгейде ластанғанын анықтапты. Қоғамдық тыңдау барысында қоғам белсенділерінің талап-ұсыныстары тындалды.

Кез-келген елде сақтандыру полисі болмаса кен орнының жұмыс істеуіне рұхсат берілмейді. Бірақ біздің елімізде әлі күнге ондай жоқ. Консорциуммен сақтандыру келісім-шарты жоқ. Олар кен орнында апатты жағдай орын алса, халықаралық сотқа талаптарды бұзғанымыз үшін айыппұл төлеп құтыламыз дейді. Сондықтан экологиялық сақтандыру келісім-шартын жасаспай, мәселе түбегейлі шешілмейді, - дейді «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының мүшесі Махамбет Хәкімов.