"Ирина Кайратовна" тобы мобилографтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0
3 777

​Әртістер сонымен бірге марқұмның нақты неден қайтыс болғанын құзырлы органдар анықтап жатқанын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. "Ирина Кайратовна" тобы Астанадағы концертінде қайтыс болған 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Zakon.kz.


Топ Астанада 14-15 қазанған жоспарланған концерттер өткізілмейтінін хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Астанадағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылдың 14-15 қазанына жоспарланған концерттер өткізілмейді. Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. ИК командасы Шахназдың отбасына барынша қолдау, көмек көрсетеді", - делінген жазбада.


Әртістер сонымен бірге марқұмның нақты неден қайтыс болғанын құзырлы органдар анықтап жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда біз досымыз бен әріптесіміздің не себептен көз жұмғанын айта алмаймыз. Бұл туралы құзырлы органдардан ресми түсініктемелер күтіп отырмыз. Біздің тарапымыздан тигізілген қолайсыздар үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Сіздердің қызығушылықтарыңыз бен қолдауларыңыз біз үшін әрқашан маңызды. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз", - деп жазды "Ирина Кайратовна" ұжымы.