​Исекешев Астанадағы төтенше жағдайға кінәлілерді жазалауға уәде берді

0
1 343

Елорда әкімі Әсет Исекешев "Жаннұр" СҮ алаңында орнатылған батутта ойнап, зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білу мақсатымен қалалық №2 балалар ауруханасына барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Исекешев Астанадағы төтенше жағдайға кінәлілерді жазалауға уәде берді

фото sporttrade.kz

Елорда әкімі Әсет Исекешев "Жаннұр" СҮ алаңында орнатылған батутта ойнап, зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білу мақсатымен қалалық №2 балалар ауруханасына барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында Әсет Исекешев қала билігі, ІІД мен ТЖД-нің оқиғаны өз бақылауына алғандығын алға тартты. Ол, сондай-ақ, кінәлілердің жазаға тартылатындығын айтты.

Естеріңізге салайық, оқыс оқиға кеше, 4 мамырда сауда үйі маңында орын алды. Үстінде балалар ойнап жатқан батут желмен ұшып кеткен болатын. 5 бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша балаларды үздік мамандар («Нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ төрағасы Серік Ақшұлақов пен Травмотология және ортопедия ҒЗИ -ның директоры Нұрлан Батпенов), сондай-ақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері қарап жатыр.

Елорда полицейлері ҚР ҚК-нің 306-бабының 2-тармағына (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Айта кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында төтенше жағдайлар департаменті желдің күшейетіндігі туралы хабарландыруды таратқан болатын. Батут орнатылған алаң жоғарыда аталған сауда үйіне тиесілі. "Елорда әкімдігі қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарының алаңына аттракциондарды орнатуға рұқсаттамаларды бермейді. Кәсіпкерлік субъектілері шаруашылықты жүргізетін екі субъектінің арасындағы жалға алу жөніндегі келісім-шарттың негізінде ғана батуттарды СОСО және сауда орталықтарының алаңдарында орналастырады. Бұл тұста заңды тұлға, яғни сауда орталығы иесінің жарғысымен нысан жанындағы алаңды жалға беру тетігі де қарастырылуы қажет. Қала әкімдігі ата-аналарды қырағылық танытып, құтқарушылардың таратқан хабарламасын назарға алуға, қатты жел кезінде балалардың далаға шығуына жол бермеуге шақырады.", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қала әкімдігі ата-аналарды қырағылық танытып, құтқарушылардың таратқан хабарламасын назарға алуға, қатты жел кезінде балаларды далаға шығармауға шақырады. Еске сала кетсек, 4 мамырда елордада «Жаннұр» сауда үйі аумағындағы батутты қатты жел жел ұшырып, 5 бала зардап шеккен болатын. Атап өтілгендей, батут күрделі конструкциялы болған, жалпы ауданы 200-250 шаршы метр. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ата-аналарға өз балаларының тағдырына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Себебі ата-аналар ауа райының қолайсыздығын көре тұра оларды батутқа ойнауға жіберген. Одан кейін белгілі болғандай «Жаннұрдағы» жағдайдан соң еліміздегі барлық аттракциондар тексерілгелі жатыр.