Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

0
877

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көптеген жылдар бойы ядролық полигонды зерттеумен айналысады.


Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

ERNUR.KZ. Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көптеген жылдар бойы ядролық полигонды зерттеумен айналысады. Зерттеушілер осы жылдар ішінде Фукусиму мен Чернобылде болған. Табиғат пен жергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар бойы залал әкелген Семей ядролық полигонын да назардан тыс қалдырмады. Италиядан келген қонақтар қазір Семейде сынақ өткізілген жылдары мұнда қандай жағдай болғаны, бұрынғы полигонның орнында қазір не болып жатқаны туралы деректі фильмде айтады.

«Біз Қазақстанда турист ретінде емес, жұмыс істеуге келдік. Таңертең Балалар үйінде болдық. Ол жерде дамуында ауытқулары бар балаларды көрдік. Бұған қарау өте қиын. Полигонмен болған жағдайдың салдары сіздердің еліңізде, осы өңірде өте қатты байқалады. Бізге осындай адамдармен жұмыс істеу және бұны көру өте қиын соғуда», - деді журналист-фотограф Пьерпаоло Миттика.