"Кабинетте отырмай, ауыл аралаңыз": Сапарбаев шенеуніктерге тапсырма берді

0
588

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға өңірдегі жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша күнделікті ақпаратты баяндап тұруды міндеттеген.


ERNUR.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттық кеңесте шенеуніктерге "кабинетте отырмай, ауылдарды аралаңыз" деген тапсырма берді, деп жазады nur.kz.

Жиналыста мал азығын дайындау және халық санағын ұйымдастыру мәселелері қаралған. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановқа әрбір аудандағы ауылдарды аралап, жағдаймен жіті танысуды тапсырған.

"Ауыл шаруашылығына қатысты ведомство мамандары кабинетте отырып, тек қағаздағы есепке сүйенбей, ауыл-ауылдарды өз аяғымен аралап жүру керек. Сонда ғана сіздер қалыптасып отырған ахуал туралы жан-жақты хабарлай аласыздар", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жауапты тұлғаларға өңірдегі жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша күнделікті ақпаратты баяндап тұруды міндеттеген.

Одан бөлек, Бердібек Сапарбаев жауапты басшыларға халық санағының дайындық және негізгі кезеңдерінің сапалы әрі мұқият өтуін бақылауда ұстауды жүктеді.