Қағазбастылықты азайтатын жүйе енгізіледі

0
1 633

Қағаздарды жинаудың қажеті болмай қалады


Қағазбастылықты азайтатын жүйе енгізіледі

иллюстрациялық фото: www.gynprenat.de

ERNUR.KZ. Елімізде электронды еңбек шарттарын жинақтаушы жүйе енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Елімізде электронды еңбек шарттары жинақталатын жүйе енгізілетіні туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев хабарлады. Оның айтуынша, енді қызметке орналасатын адамдар бұрынғыдай құжат жинамайды. Тек электронды қолтаңбаның болғаны жеткілікті. Жұмыс беруші барлық қажетті ақпаратты жүйеге кіріп, өзі қарай алады. Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, мұндай жаңашылдық жалған құжат айналымы мен қағазбастылықты едәуір азайтады.

«Осы проектінің негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызметтер саласын арттыру. Және азаматтарды жұмысқа орналастырудың қолайлы болуы. Біріншіден, электронды еңбек шарттарын енгізу жұмыскерлер үшін жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді. Жеке іс автоматты түрде жасалынады. Қағаздарды жинаудың қажеті болмай қалады», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев.