Қай елдің автокөліктері Қазақстаннан шығарылады - қаржы министрлігі жауап берді

0
841

Қазіргі күні елімізде 3 мыңға жуық шетелдік автокөлік бар.


Қай елдің автокөліктері Қазақстаннан шығарылады - қаржы министрлігі жауап берді

ERNUR.KZ. Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Армения елінің нөмірі бар көліктер әзір ел аумағынан шығарылмайды. Өзге мемлекеттен әкелінген автомобиль иелері арасында түсініспеушілік туғызған ақпаратқа қатысты мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Комитет өкілінің айтуынша, Еуроодаққа мүше емес елдерден келген көліктер ғана 30-қыркүйекке дейін Қазақстаннан шығарылады немесе оларға баж салығын төлеу міндеттеледі. Ал, жоғарыда аталған көліктер үшін ешқандай шектеу қойылмайды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов айтты.

«Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения нөмірі бар автокөліктерге Қазақстанда жүруге шектеу жоқ. Қазақстанда бір жылдан асқан басқа барлық шетелдік машиналар біздің елдің аумағынан ғана емес, сонымен қатар Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь елдерінен де шығарылуы керек. Өйткені бұл елдер Еуроазиялық экономикалық одақ аясында кеден кодексін бекітті», - дейді ол.
Айта кетейік, елімізде жүрген шетелдік автокөліктер саны 3 мыңға жуықтайды.