Қай облыс мектептерінде санитариялық талаптар сақталмаған?

0
1 407

Бұзушылықтар анықталған мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелер білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен өткізілген кеңестерде қаралды.


Қай облыс мектептерінде санитариялық талаптар сақталмаған?

ERNUR.KZ. Мектептердің апта сайынғы мониторингтік тексерулер қорытындылары жарияланды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.

Санитариялық ережелер мен карантин режимі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтардың қызметкерлері 2020 жылғы 4-10 желтоқсан аралығында мектептерге 236 тексеру жүргізді.

Бұзушылықтар республиканың 24 мектебінде анықталды. Маска режимін, дымқыл тазалау және дезинфекциялау кестесін бұзу, парталар арасындағы арақашықтыққа қойылатын талаптарды сақтамау фактілері тіркелген. Сонымен қатар төмендегідей бұзушылықтар жиі кездеседі: тазалау және дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың жеткіліксіз мөлшері; пайдаланылған маскаларды жинауға арналған контейнерлердің болмауы, және кейбір мектепте асханалар жұмыс істегені анықталды, - делінген хабарламада.

Санитариялық дәрігерлердің талаптарын сақтамау фактілерінің ең көбі: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында анықталды.

Бұзушылықтар анықталған мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелер білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен өткізілген кеңестерде қаралды. Бүгінгі күні барлық бұзушылық жойылған.