Жол-көлік оқиғасы дерегі Іле АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
ERNUR.KZ Алматы облысында жүк көлігі 81 жастағы зейнеткерді қағып кетті, деп жазады Tengrinews.kz
Алматы облысының полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасы 2 қазанда сағат шамамен 10.05-те Іле ауданында болғанын хабарлады.
Iveko Magirus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Байсерке кентіндегі Школьная көшесімен келе жатып, 81 жастағы әйелді қағып кетті. Қарт әйел оқиға орнында мерт болды.
"ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы дерегі Іле АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.