"Қамауда 3 адам қалды": Тұрғымбаев митинг кезінде ұсталғандар туралы айтты

0
961

Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде төрт мыңға жуық адам ұсталған еді


ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митингілер кезінде ұсталып, әлі күнге қамауда отырған адамдардың санын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бізде үш адам ғана қалды. Басқалардың бәрі босатылды. Қазір үйлерінде, олар жай ғана әкімшілік қамауда болды", - деді Тұрғымбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда заңсыз митингілер кезінде төрт мыңға жуық адам ұсталған еді.

Министр Тұрғымбаевтың айтуынша, 3 мың адам профилактикалық жұмыстан кейін босатылған. Ал 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды, 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды. 9-11 маусым аралығында 300-ден аса полиция қызметкері сан алуан жарақаттар алды.

Сайлаудан кейін болған заңсыз митингілерден соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босатуды тапсырды. Сондай-ақ ол наразылық білдіріп жатқандарды диалогқа шақырды. Осы мақсатта мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.