Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті

0
1 181

Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған.


Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Таразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім. Оқиға орнына барып, кейін көрдім. Жантүршігерлік жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес", - деді куәгер Айбек Бекхожаев.

Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған.

"Қабырғаға соғысқан көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Екінші көлік жолдың шетінде тұрды. Арғы жақта полицейлер куәгерлермен әңгімелесті", - деді тағы бір куәгер Имран Тохтыев.
Полиция департаменті апат салдарынан бірнеше адамның жарақат алғанын айтты. Қазір қажетті зерттеулер тағайындалып, кінәлі тарап анықталып жатыр.
"Биыл 23 наурызда 07:00 шамасында Toyota және LADA Largus көлігі соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ал қалалық көпсалалы ауруханаға бірнеше дене жарақатын алған, атап айтқанда кеуде қуысы, белінен жарақат алған 2 азамат барған.

"Оларға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсеттілді. Кезекші дәрігер тексеріп, тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді", - деді қалалық №1 көпсалалы ауруханасының дәрігері Дильшот Салиев.