Қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын бейнекамералар орнатылуы мүмкін

0
2 468

​Талдау үшін қан алу кабинеттерінде аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін.


Қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын бейнекамералар орнатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ашық талқыға шығарған тиісті бұйырығында жазылған, деп жазады inbusiness.kz.

"Аудиожазба функциясы бар техникалық құралдарды пациенттің немесе оның заңды өкілінің фотосуретке немесе бейнежазбаға немесе электрондық ақпараттандырылған келісімін алған және оның бейнелерін кейіннен пайдаланған жағдайда биологиялық материалды алу және қабылдау пунктінің қан алу кабинетінде қолданылады. Жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісім еркін нысанда ресімделеді", - делінген жаңа редакцияда.

Құжаттың түсіндірмесінде жазылғандай, қан алу кезінде аудиожазба функциясы бейнебақылау камералын қолдану пациент тарапынан түсетін шағымдарды талдауға мүмкіндік береді

"Аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камераларын тікелей пациенттерден биоматериалдар (Венадан қан) алу жүргізілетін қан алу кабинеттерінде орнату пациенттер тарапынан шағымдарды талдау кезінде мәселелерді шешуге, сондай-ақ персонал жұмысының сапасын тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ҚР Азаматтық Кодексінің 145-бабына сәйкес, қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз, ал қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ. Осыған байланысты, пациенттің фото/бейнежазбаға жазбаша келісімін алған және оның бейнесін кейін пайдаланған жағдайда, қан алу кабинетінде аудиожазба функциясы бар техикалық құралдарды қолдану мүмкіндігі ұсынылады", - деп көрсетілген бұйрықта.

Құжатты ашық талқылау 27 қаңтарға дейін жалғасады.