Қанат Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

0
844

Ол президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.


Қанат Бозымбаевтың қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

Қанат Бозымбаев Энергетика министрі лауазымынан неліктен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы телеграм каналында Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек жазды.

«Қанат Бозымбаев омыртқасының мойын тұсына жасалған отаға байланысты ҚР Президентіне денсаулығының жай-күйін баян етті. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол көлікпен және әуе ұшақтарымен жасалатын сапарларды азайтуы тиіс. Сонымен бірге, дәрігерлер оған денсаулығын қалпына келтіру үшін ұзақ мерзімді физиотерапевті ем қабылдауға кеңес береді. Министр аймақтарға, сонымен бірге әріптестерімен, инвесторлармен немесе халықаралық ұйым өкілдерімен (ОПЕК, МАГАТЭ және тағы басқа) кездесу үшін жиі сапарға шығады, ұшақпен де (салалық нысандарға, станциялар мен кен орындарына) жиі қатынайды», - деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.

Еске салайық, бүгін Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған болатын.