«Әр реформа шенеуніктің есімімен аталуы керек, жеке жауапкершілік тікелей сол азаматтың атында болуы керек» - Тұрсынбекова.
фото. ашық дереккөзден
Салтанат Тұрсынбекова Алматыда қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматыда қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында ол көптеген игі бастамалардың оңтайлы жүзеге аспай жатқанын, оның нәтижесіне ешкімнің де жауапты еместігін айтты. Құқық қорғаушы әрбір мемлекеттік реформаның «иесі» болуы керек деп есептейді.
«Шетелде әрбір реформа оны ұсынып, жүзеге асырып жатқан шенеуніктің атымен аталады. Бізде де солай болуы керек. Мысалы, Ахметжанов, Исмаилов, Сәдуақасов реформасы т.б. Нәтижесінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид, есірткіге қатысты бағдарламалардың әрқайсысы әр шенеуніктің жеке жауапкершілігінде болады. Нәтиже болмағаны үшін де жауапкершілік болады. Реформаларды ұсынып, тетігін әзірлеу жеткіліксіз, қалыптасқан жағдайды өзгерту керек. Өйткені, әртүрлі бағдарламаларға қомақты қаражат бөлінеді және олардың қаншалықты тиімді, дұрыс мақсатқа жұмсалғаны үнемі анық бола бермейді. Содан кейін олар шектен шығып, ұсақ мемлекеттік қызметкерлерді жазаламайды», - деді кандидат.