Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қозғалған іс сотқа жолданады - Бас прокуратура

0
395

Бұған дейін Қаңтарда қаза болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен Қаңтарда оққа ұшқан Думан Қанатбектің әкесі прокуратураға барып, істі қайта тергеуді талап еткен еді.


Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қозғалған іс сотқа жолданады - Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокуратура Қаңтар оқиғалары кезінде қаза болған 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қозғалған іс жақында сотқа жолданатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

“Бұл қылмыстық істің аяқталғандығы туралы хабарым бар. Ол жерде оқ атуға бұйрық берген батальон командирінің іс-әрекеті сараланып, сол батальон командирі кінәлі деп танылды. Сол лауазым иесінің үстінен қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолдану жоспарланып отыр”, – деп жауап берді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Бұған дейін Қаңтарда қаза болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен Қаңтарда оққа ұшқан Думан Қанатбектің әкесі прокуратураға барып, істі қайта тергеуді талап еткен еді. Өмірәлиев олардың кездесуі жөнінде жергілікті прокуратура білетінін айтты.