Шығын көлемі әлі де өсуі мүмкін.
Қаңтардағы оқиғада көліктерге келген шығын көлемі 530 млн теңгеден асты. Басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайына тиесілі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан арнасына сілтеме жасап.
Шығын көлемі әлі де өсуі мүмкін. Қазір жедел іздестіру және тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік полициясымен 72 қылмыстық іс тергелуде. Олардың дені ұрлау мен тонауға қатысты. Қылмыс жасады деген күдікпен/ уақытша ұстау изоляторына 14 күдікті қамалды. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуежай мен темір жол вокзалдарын полиция қызметкерлері тәулік бойы күзетуде.
Теміржан Рамазанов, Көліктегі полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары:
Жалпы сомасы 24 587 874 теңге болатын мүлік ұрланған, оның ішінде 3 автокөлік, 5 ұялы телефон, 2 299 825 теңге сомасындағы ақша қаражаты және 635 мың теңге болатын 47 киім тәркіленді.