Қар аралас жаңбыр: Қазақстанда алдағы күндері суытады

0
823

Кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады.


Қар аралас жаңбыр: Қазақстанда алдағы күндері суытады

"Қазгидромет" мәліметінше, 20-22 сәуір аралығында еліміздің кейбір өңірінде айтарлықтай суық болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады", - деді Қазгидрометте.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады.