​Қара түтін Алматыда бұрыннан бар - Бауыржан Байбек

0
1 287

Қала билігі автокөлік бөлетін зиянды заттармен 70-80-жылдардан бері күресіп келеді.


​Қара түтін Алматыда бұрыннан бар - Бауыржан Байбек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде қаланың экологиялық ахуалы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматыда қара түтін бұрыннан болған. Қандай шара қолға алсақ та, мәселені толық шеше алмайтын. Қалада жауын жауғанда ауа тазаратынын байқаған шығарсыздар. Ал жел болмаса, жауын жаумаса, түтін қоюланып тұрады», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қала билігі автокөлік бөлетін зиянды заттармен 70-80-жылдардан бері күресіп келеді. Ол жылдары көліктердің барлығын газға ауыстыруға талпыныс болған. Бүгінде халықтың 99 пайызы көгілдір отынға ауыстырылды. Әлі де көмір тұтынатын үйлерге биылғы жылдың соңына дейін газ тартылатын болады.

«Бүгінде қалада 2017 үй көмір пайдаланады. Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш үш есе көп еді. Аталған үйлердің біразына жеткізу желілері тартылды. Қалған жартысына жыл соңына дейін тартылады. Сондай-ақ, газ қосудан бас тартып отырған отбасылар да бар. Табиғатты қорғау прокуратурасына тапсырма берілді. Олар резеңке, қоқыс жағатындарды бақылап отырады» - деді әкім.