​Қарағанды облысы көмір өндірісінің 2041 жылға дейінгі жобаларын әзірледі

0
1 703

Өндірісте автоматтандырылған және сандық бақылау әдістерін дамытуды, тау-кен шахталық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді.


​Қарағанды облысы көмір өндірісінің 2041 жылға дейінгі жобаларын әзірледі

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында барлық шахталар мен байыту фабрикаларының көмір өндірісіне қатысты даму стратегиялары әзірленді, деп жазады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

««АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті шахталар мен байыту фабрикаларының, барлық 13 кәсіпорынның даму стратегиясын әзірледі. Құжатта 2042 жылға дейінгі кезең қамтылған», - делінген ақпаратта. Мәселен, 2020-2041 жылдарға көмір өндіру жобаларын әзірлеу бойынша техникалық тапсырма «Қарағандыгипрошахт» ЖШС институтына берілді. Ал 2019-2023 жылғы стратегияда көмір өндірісін 10% (2018 жылғы деңгейге қарағанда) және ұңғылауды 20% арттыру көзделген.

«Жаңа технологияларды дамыту, жабдықтарды жаңғырту, құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында «Тентек» шахтасында жаңа клеткалық оқпан салу, Күзембаев атындағы шахтаны желдетуді қайта жаңарту, сондай-ақ «Восточная» ОБФ қалдық қоймасының екінші кезегін салу жұмысы бар. Көмір департаментінің барлық шахталарында жайғастыру жүйесі енгізілуі тиіс.

Ол өндірісте автоматтандырылған және сандық бақылау әдістерін дамытуды, тау-кен шахталық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Мұндай жүйе «Қазақстан» шахтасында сыналды».

Бүгінде КД кәсіпорындарын цифрландыру деңгейі шамамен 60% құрайды.
Стратегияны орындау кеншілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді және жер асты еңбегінің қауіпсіздігін арттырады.