Қарағанды облысында 10 жайлы мектеп салынып жатыр

0
391

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыдағы жұмыстардың барысын тексерді.


Қарағанды облысында 10 жайлы мектеп салынып жатыр

Қарағанды облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 18 нысан жоспарланған. Қазір он құрылыс жүргізілуде. Олар қалалар мен аудандардағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыдағы жұмыстардың барысын тексерді.

Көгілдір тоғандар шағын ауданында 1200 орындық жайлы мектеп, Кендала шағын ауданында – екі мың орындық мектеп салынуда.

Гүлдерде салынатын жаңа оқу орны 300 орынға есептелген. Оқу ордасы ашылғаннан кейін көршілес орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдегі жүктеме төмендейді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде. Материалдарға қатысты проблемалар жоқ. Отандық тауар өндірушілердің өнімдері пайдаланылып жатыр.

Жайлы мектептерде қарағандылық өнімдер де бар: бетон, арматура, еден плиталары, оқшаулау және т. б.

Сонымен қатар жиһаз, оқу жабдықтарын сатып алу жүріп жатыр. Барлығы ең заманауи болуы керек. Әр мектепте STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, спорт және тренажер залдары, коворкингтер жабдықталады. Мүгедектігі бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуы қажет.

Қалада да, ауылда да жайлы мектептер бірыңғай стандарттар бойынша салынып жатыр. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке кіреберісі бар мектеп ғимаратының әртүрлі блоктарында оқиды.

Ермағанбет Бөлекпаев жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.