Қарағанды облысында бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып комаға түсті

0
877

Дәрігерлер ата-аналарды балаларына мұқият қарауға шақырады.


Қарағанды облысында бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып комаға түсті

ERNUR.KZ. Балқаш қаласында бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып, ауыр қалде ауруханаға түсті. Комада жатқан сәбидің ата-анасы болған оқиғадан соң медициналық көмекке бірден жүгінбеген, деп жазады stan.kz.

Балқаш қаласының орталық ауруханасы баланың жағдайы нашар екенін жеткізді.

"Медицина мамандары тексергеннен кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы нашарлап, көптеген мүшелер істен шығып, орталық жүйке жүйесі зақымданған. Комаға түсті", - делінген жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының хабарламасында.

Дәрігерлер нефролог, реаниматолог, қан тамыр хирургы құрамында республикалық мамандардың қатысуымен аймақтық мамандардың бетпе-бет консультациясын, мен телемедицинаны өткізді.

Кейін бүлдіршіннің жағдайын ескеріп, дәрігерлер нәрестені одан әрі тексеру және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиациямен Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізуді ұйғарған.

"Баланың Қарағанды ауруханасында жатқанына 15 күн болды. Ол комада жатыр. Бүгінде медицина мамандарының күш-жігерімен кішкене болсын оң динамика байқалады. Бала өкпенің жасанды вентиляциясынан шығарылды. Сәбидің тезірек сауығып кететініне шын жүректен сенеміз", - деп толықтырды Ұлттық орталық.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларына мұқият қарауға шақырады.

"Егер осындай оқиғаға тап болсаңыз ешқашан уды сығып шығаруға тырыспаңыз. Мұның арты асқынуларға әкелуі мүмкін. Ең алдымен у таралмауы үшін жараны таза таңғышпен байлоап, оның қозғалысын шектеу керек. Және зардап шегушіні тезірек ауруханаға жеткізіңіз. Ауруханада оған қажетті көмек көрсетіліп, жылан уына қарсы дәрі беріледі", - деп қорытындылады мамандар.