Қарағанды облысында боранда адасып кеткен ана мен бала табылды

0
453

Ақтоғай ауданының Айыртас ауылында 7 ақпанда күндізгі сағат екі шамасында баласы бар әйел боран кезінде үйден шығып, қайтып оралмады.


Қарағанды облысында боранда адасып кеткен ана мен бала табылды

Құтқарушылар жоғалған адамдарды 8 ақпанда сағат 00:46-да туыстарына хабарласқаннан кейін іздеуге кірісті. 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған бала Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 км жерде сағат 08:50-де табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына тағы да ескерту жасады: "Ауа райы болжамын қадағалаңыздар. Боран кезінде үйден шығу қауіпті. Боранды күні тіпті туған ауылыңызда да адасып кетуге болады. Өзіңіз және жақындарыңыз абай болуларыңызды сұраймыз!".