​Қарағанды ​​облысында екі ер адам үш жыл бойы құлдықта мал баққан

0
435

Оларды жалақы төлемей, мал бағуға мәжбүрлеген. Тіпті бірнеше рет күш көрсеткен.


​Қарағанды ​​облысында екі ер адам үш жыл бойы құлдықта мал баққан

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданындағы шаруа қожалығында екі ер адам құлдықта болған. Үш жыл бойы иесінің ұрып-соғуымен тегін жұмыс істеген азаматтарды полиция анықтады, деп жазады stan.kz.

Айғақтарға сәйкес, олар үш жылдан астам уақыт шаруашылық басшысының қол астында болған. Оларды жалақы төлемей, мал бағуға мәжбүрлеген. Тіпті бірнеше рет күш көрсеткен.

Шаруа шаруашылығындағы құлдықта жүрген жұмысшыларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері анықтады. Олар Теміртау және Саран қалаларының 37 және 25 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеушілер шопандардың денсаулығына нұқсан келмегенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады. Қылмыстық істің барысы осыған байланысты болады. Әзірге іс 126-бап – "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қозғалған.

Фермер қамауға алынды. Дегенмен, қоғам белсенділерінің айтуынша, Қазақстанда құлдықта ұстаған адамның кінәсін дәлелдеп, жауапқа тарту өте сирек. Бар үміт қазір Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасында ғана екен.

"Осы уақытқа дейін қылмыстық істер сотқа жетпей, тергеу сатысында жойылып жатты. Бұл әсіресе еңбекті қанауға қатысты қылмыстық істерге қатысты", – деп түсіндірді "Қайсар" қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Тарабукина.