Қарағанды облысында қашып кеткен сотталушы ұсталды

0
989

Сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды.


Қарағанды облысында қашып кеткен сотталушы ұсталды

ERNUR.KZ. Бүгін Қарағандыдағы медициналық мекемелердің бірінен қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 шілдеде қашып кеткен адамды полиция департаменті мен өңірдің қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел қызметкерлері ұстады.
"Сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.